IQLAND Болашақтың берік іргетасы
IQLAND — балалардың жан-жақты дамуына арналған білім ордасы. Біз әрбір оқушыға барлық негізгі пәндерден мықты фундамент қалыптастырамыз. Математика, тіл, жаратылыстану немесе өнер болсын — әр бағыт балаға жаңа ой салып, қабілетін ашады. Iqland-та білім алу — тек үйрену емес, болашаққа нық қадам басу
IQ LAND — 1-ден 9-сыныпқа дейінгі оқушыларға арналған білім беру қосымшасы. Сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. Қосымшада видео сабақтар, тапсырмалар және материалды бекіту жүйесі бар. Оқушыларға модераторлар мен техникалық қолдау көмектеседі.
Әр сабақ толық түсіндіріліп, практикалық тапсырмалар арқылы бекітіледі, сол арқылы білім берік болады. Біз Қазақстан бойынша жұмыс істейміз және қолжетімді бағамен заманауи онлайн оқытуды ұсынамыз. Біздің қосымшамыз арқылы бала үйде ыңғайлы жағдайда сапалы білім ала алады.
IQLand – білімді жеңілдететін қосымша
Біздің бағдарлама нені қамтиды?
Біздің қосымшада 5 пән бар: Математика, қазақ тілі, әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану.
Мектеп бағдарламасы толық қамтылған
Бізде мектеп бағдарламасындағы барлық сабақ бар. Оқушы кез келген бетін ашып, өткен тақырыпты оңай түсіне алады.
Оқу енді ойын секілді!
Балаңыз диктант арқылы орфографияны, тыныс белгілерін, буындарды және сөз құрастыруды ойнап-үйренеді. Барлық сабақтар бір жерде — қызықты әрі тиімді!
IQland-та балаңыз қалай білім алады?
Материалды жақсы түсіну үшін толық түсіндірмелер мен практикалық тапсырмалар
  • Қосымшада материал толық түсіндірілген
    Әр сабақта тақырыпты тереңірек түсіну үшін толық түсіндірмелер берілген.

  • Сабақтың практикалық бөлімі
    Сабақтарда материалды бекіту және жақсы есте сақтау үшін практикалық тапсырмалар бар.
  • Модераторлардың қолдауы
    Модераторлар оқушыларға оқу барысында көмектесіп, материалды сапалы меңгеруге мүмкіндік береді.
  • Техникалық қолдау
    Техникалық қолдау әрқашан байланыста, қосымшаны пайдалану бойынша кез келген сұраққа көмектеседі
  • Бақылау жұмысы
    Бақылау жүйесі арқылы оқушы өткенді оңай меңгереді және есте сақтайды
  • Сабақтардың интерактивтілігі
    Сабақтар оқушының қызығушылығын оятып, пәнді терең түсінуіне жағдай жасау үшін әзірленген.
Балаңыздың талантын ашыңыз
1-9 сынып оқушыларына сапалы білім. Онлайн тіркелу ыңғайлы
Made on
Tilda